Accessibility links

Шығыс Украинада тағы да тұтқындар алмасылды


Украина күштері айырбастауға әкелген тұтқындар. Донецк облысы, Украина, 20 қыркүйек 2014 жыл.
Украина күштері айырбастауға әкелген тұтқындар. Донецк облысы, Украина, 20 қыркүйек 2014 жыл.

Украинаның шығысындағы Донецк облысында ресейшіл сепаратистер мен украиналық әскерилер бүгін өзара тұтқындар алмасты. Тараптардың әрқайсысы тұтқында ұстап келген 28 адамнан босатқаны туралы ақпарат агенттіктері хабарлап жатыр.

Донецк қаласынан 30 километрдей жерде өткен тұтқындар айырбасына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілдері мен журналистер де куә болған.

Бұдан бір күн бұрын Шығыс Украинадағы жанжалға қатысушы тараптардың әрқайсысы 38 адамды тұтқыннан босатқан еді.

XS
SM
MD
LG