Accessibility links

Нью-Йоркте климаттың өзгеруіне қарсы шеру өтті


Әлемдік климаттың өзгеруіне арналған акцияда тұрған белсенділер. (Көрнекі сурет)

Әлемдік климаттың өзгеруіне арналған акцияда тұрған белсенділер. (Көрнекі сурет)

Нью-Йоркте 21 қыркүйекте әлемдік климаттың өзгеруіне қарсы іс-шаралар күні ондаған мың адам қатысқан демонстрация өтті.

Оған БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Альберт Гор мен осы елдің лауазымды тұлғалары, актер Леонардо Ди Каприо да қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруде 166 елдің, оның ішінде Ұлыбритания, Франция, Ауғанстан мен Болгария азаматтары да болған.

Демонстранттар Орталық парктен Манхэттеннің орталығы арқылы Таймс-Скверге дейін жүріп барып, барлық табиғи апат құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алған.

23 қыркүйекте БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне қатысты саммиті өтеді. Оған қатысатын 120 елдің басшылары арасында АҚШ президенті Барак Обама да болады деп жоспарланып отыр.

Экологтар Қытай, Үндістан, Канада және Австралия сияқты елдерді атмосфераға көмірқышқыл газын көп мөлшерде шығарады деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG