Accessibility links

Алматыда автобус апатынан адам мерт болды


Алматыдағы жолаушылар автобусы. (Көрнекі сурет)
Алматыдағы жолаушылар автобусы. (Көрнекі сурет)

Бүгін таңертең Алматы қаласының Түрксіб ауданы аумағында болған жол-көлік апатынан бір адам мерт болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Жұмабаев пен Палладин көшелерінің қиылысында жеңіл көлік, жолаушылар автобусы және бензовоз соқтығысып, автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, автобуста отырған тоғыз адам зардап шеккен.

Tengrinews сайтының жол апатына куә болғандардың сөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, ішінде жолаушылары бар 56-маршруттың автобусы Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Көше қиылысында бағдаршамның қызыл белгісіне өтіп кеткен автобусты Палладин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан бензовоз соққан. Соққыдан автобус жанында келе жатқан "Мерседес" жеңіл көлігіне қарай аударылған.

Қазір оқиға орны қоршалып, онда қалалық төтенше жағдайлар өкілдері жұмыс істеп жатыр.

XS
SM
MD
LG