Accessibility links

«Алаяқтарға алданғандар» пикет өткізді


"Алаяқтарға алдандық" деген адамдар қалалық ішкі істер департаменті алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы. 22 қыркүйек, 2014 жыл.

"Алаяқтарға алдандық" деген адамдар қалалық ішкі істер департаменті алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы. 22 қыркүйек, 2014 жыл.

Бүгін Алматы қалалық ішкі істер департаменті алдында өздерін «алаяқтарға алданып, баспанадан айырылдық» деп атаған тұрғындар наразылық акциясын өткізді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Олар мемлекеттік атқарушы және сот органдарына берген шағымдарының тиісті дәрежеде қаралмайтындығы себепті алаяқтарға олжа болған баспаналарын қайтарып ала алмай жүргендерін айтады. Наразылар полиция мекемесі жанында қолдарына «Өсімқор деген ұғым болмағанымен, айналысатындар бар!», «Заң кімнің жағында?» деген жазулар ұстап тұрды. Акцияға қатысушылар осы сөздерді бірге айтып, ұрандады.

Алматы әкімдігінің қызметкері Дмитрий Саврас наразы азаматтарға бұл іс-әрекеттеріне биліктен тиісті рұқсат алмай, бейбіт жиын өткізу туралы заң талаптарын бұзып тұрғандарын ескертті.

Ішкі істер департаменті жанындағы бұл оқиғаны жай киімдегі адамдар видеокамераға түсіріп алды. Наразы топтың іс-қимылын полиция алыстан бақылап тұрды, бірақ ешкімді ұстаған жоқ. Бейбіт акцияға қатысушылар арада біраз уақыт өткен соң тарап кетті.

XS
SM
MD
LG