Accessibility links

АҚШ Ауғанстандағы билік бөлінісін қолдады


Ауғанстан президенті болып жарияланған Ашраф Ғани (оң жақта) мен үкіметке жетекшілік жасайтын Абдулла Абдулла. Кабул, 21 қыркүйек 2014 жыл.

Ауғанстан президенті болып жарияланған Ашраф Ғани (оң жақта) мен үкіметке жетекшілік жасайтын Абдулла Абдулла. Кабул, 21 қыркүйек 2014 жыл.

Ақ үй Ауғанстандағы бірнеше айға созылған президент сайлауына қатысты дауды аяқтап, билікті бөлісу туралы жасалған келісімге қолдау танытты.

21 қыркүйекте Ауғанстанда президенттік сайлаудың екінші кезеңінде бәсекелес болған бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла мен бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани ұлттық ынтымақтастық үкіметін құру және билікті бөлісу туралы келісімге қол қойған. Оған сәйкес, Ашраф Гани президент қызметін атқарып, Абдулла Абдулла үкіметке жетекшілік жасайтын болған. Келісімге қол қойылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң Ауғанстан сайлау комиссиясы президент сайлауының екінші кезеңінде Ашраф Ғанидің жеңіске жеткені туралы ресми хабарлаған. Бірақ дауыс берудің түпкілікті қорытындысын жариялаған жоқ.

Ақ үй мәлімдемесінде «демократиялық процесстерді құрметтеу» Ауғанстанның болашаққа бағыт алуындағы өміршең қадам болатыны айтылған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі де келісімді мақұлдап, кеңеске мүше мемлекеттер жаңа ұлттық ынтымақтастық үкіметімен әріптестік орнатуға үмітті екенін мәлімдеген.

НАТО ұйымы Ғани мен Абдулла «шынайы саяси серіктестік ауанында» жұмыс істеседі деп үміттенетінін білдірген.

XS
SM
MD
LG