Accessibility links

Қырым билігі: Меджлис дейтін ұйым болмаған


Ресей аннексиялап алған Қырымның басшысы Сергей Аксенов.
Ресей аннексиялап алған Қырымның басшысы Сергей Аксенов.

Ресейдің Украинадан аннексиялап алған Қырым түбегінің басшысы Сергей Аксенов Қырым татарларының Меджлисі жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

21 қыркүйекте Симферопольде құқық қорғау органдары Меджлистің кеңсесін басып алған еді. 22 қыркүйекте ресейлік "Коммерсанть" басылымында жарияланған сұхбатында Аксенов Қырым татарлары ассамблеясының "ешқашан тиісті түрде тіркелмегенін" айтып, "Меджлис сияқты ешқандай орган болған емес" деген.

Аксенов бұған қоса "этникалық алауыздыққа арандатпақ болған кез-келген адамның елден шығарылатынын" да ескерткен.

19 қыркүйекте Симферопольде Ресей билігі Қырым татарларының кітапханасын жауып тастаған. Оның алдында Меджлис ғимаратында тінту жүргізген.

Қырым татарларының көпшілігі Ресейдің түбекті өзіне қосып алғанын қолдамайды. Түбектің ресейшіл билігі аннексиядан соң Қырым татарларының жетекшілері Мұстафа Джемилев пен Рефат Чубаровты "ұлтаралық алауыздықты қоздырмақ болды" деп айыптап, Қырымға кіргізбей қойған.

Қырым татарларының Меджлисті тартып алуға байланысты берген шағымы жөніндегі сот тыңдауы 29 қыркүйекте өтеді.

XS
SM
MD
LG