Accessibility links

"Яндекс" Қазақстанға арналған навигатор шығарды


Көрнекі сурет

Көрнекі сурет

Ресейлік "Яндекс" интернет компаниясы қазақстандық көлік жүргізушілерге қала мен ел аумағында жүруге арналған мобильдік нұсқадағы навигатор жасап шығарды деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

Компанияның ақпаратына қарағанда, навигаторда барлық мекен-жайды көрсететін карта, кептелісті ескеретін маршруттық бағыт сілтеуші және дауыс арқылы бағыт сілтеуші қызметі бар. Навигатор жүргізушілерге Қазақстаннан өзге Ресей, Беларусь, Украина және Түркия жолдарында да көмектесе алады.

"Яндекс" навигаторы бұған қоса жолда туындаған оқыс жағдайларды, жол-көлік оқиғасы мен кептелістер кезінде жүргізушіге жедел балама бағыт ұсынып, маршрутын айқындап бере алады. Навигатор жол қозғалысына қатысты ақпаратты әр екі минут сайын жаңартып отырады деп хабарланды.

Соңғы уақытта ресейлік интернет компаниялар қазақ тілді қолданушылар мен қазақстандықтарға арнап интерфейсі мен бағдарламаларын ыңғайлауды жиілетті. Мұның алдында "Мой мир" желісі интерфейсі мен мәтін теру жүйесін "қазақшалағаны" туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG