Accessibility links

БҰҰ байырғы халықтар құқығы жайлы құжат қабылдады


БҰҰ Бас ассамблеясында өтіп жатқан әлемдегі байырғы халықтардың мәселелері жөніндегі конференция. Нью-Йорк, 22 қыркүйек 2014 жыл.
БҰҰ Бас ассамблеясында өтіп жатқан әлемдегі байырғы халықтардың мәселелері жөніндегі конференция. Нью-Йорк, 22 қыркүйек 2014 жыл.

БҰҰ Бас ассамблеясы 22 қыркүйекте Нью-Йоркте әлемдегі байырғы халықтардың құқықтарын күшейтетін құжат қабылдады. Құжат байырғы халықтар мәселелері жөніндегі бірінші әлемдік конференциясы басталар алдында бірауыздан мақұлданды.

Конференцияға байырғы халықтардың өкілдері, мемлекет басшылары мен БҰҰ лауазымды тұлғаларын қоса алғанда бір мыңнан аса адам қатысып жатыр.

Жиында БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун байырғы халықтар "ғаламдық даму мен адам құқықтары тақырыбында басты орында тұратынын" және олар БҰҰ-ның толық қолдауына ие екенін айтты.

Пан Ги Мун жиында делегаттарды Латын Америкасы, Оңтүстік Африка, Жаңа Зеландия, Малайзия, Солтүстік Америка, Норвегия және Швециядағы байырғы халықтардың тілдерінде амандасып, қарсы алды.

XS
SM
MD
LG