Accessibility links

Қуғындағы өзбек оппозиционерінің әйелін елге кіргізбеді


Өзбекстанның қуғындағы оппозиция жетекшісі Баходир Чориев.

Өзбекстанның қуғындағы оппозиция жетекшісі Баходир Чориев.

Өзбекстан билігі қуғындағы оппозиция жетекшісі Баходир Чориевтің әйелі Феруза Хуррамова мен тоғыз жасар ұлын елге кіргізбей қойды.

Ташкентте орналасқан Адам құқықтарын қорғау альянсы 20 қыркүйек күні АҚШ-тың Чикаго қаласынан Стамбул арқылы Ташкент әуежайына келіп түскен Хуррамова мен оның ұлын ары қарай өткізбей қойғанын хабарлады. Өзбекстан билігі олардың қолында өзбек төлқұжатының болғанына қарамастан, анасы мен баласын 21 қыркүйек күні қайтадан Стамбулға ұшырып жіберген.

Чориев Өзбекстанннан 2004 жылы кетіп қалып, бірнеше жылдан бері АҚШ-та тұрып жатыр. Ол АҚШ-та әлі де Өзбекстанда тұрып жатқан белсенділермен бірге оппозициялық «Бирдамлик» («Бірлік») тобын құрған. Оның әкесі, адам құқықтарын қорғаушы Хасан Чориев биыл наурыз айында, түрмеден шыққаннан екі айдан соң жүрек талмасынан қайтыс болған еді.

XS
SM
MD
LG