Accessibility links

БҰҰ-ның ғаламдық климат саммиті басталады


Климаттың өзгеруіне қатысты өткен марш. Нью-Йорк, 21 қыркүйек 2014 жыл.

Климаттың өзгеруіне қатысты өткен марш. Нью-Йорк, 21 қыркүйек 2014 жыл.

Бүгін Нью-Йоркте БҰҰ-ның климаттың өзгеруіне қарсы іс-шаралар жөніндегі саммиті басталады. 29 қыркүйекке дейін жалғасатын саммитке 120-дан аса мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілері қатысады.

Саммитке қатысушылар атмосфераға зиянды газ шығаруды шектеу жайын қарастыратын климаттың өзгеруі туралы келісімге қатысты мәселелерді талқылайды. Келісімге 2015 жылдың соңына қарай қол қойылуы тиіс.

Жексенбіде Нью-Йоркте мыңдаған адам марш өткізіп, әлем елдерінің басшыларын климаттың өзгеруіне қатысты жедел шаралар қабылдауға шақырған. Маршқа БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Альберт Гор, Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио, актер Леонардо Ди Каприо да қатысқан.

21 қыркүйекте Еуропаның бірнеше қаласында, Австралия мен Азия елдерінде де климаттың өзгеруіне қатысты шағын акциялар өткен. Лондондағы климаттың өзгеруіне қатысты маршқа 40 мыңға тарта адам қатысқан.

XS
SM
MD
LG