Accessibility links

Инчхонда стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын алды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстанның әйелдер командасы Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында өтіп жатқан Азиада ойындарында стенд атудан чемпион атанды.

Қазақстандық мергендер Анастасия Давыдова 71 ұпай, Мария Дмитренко - 70 ұпай, Оксана Середа - 59 ұпай жинап, жалпы есептік көрсеткіште команда 203 ұпаймен алтын медальді иеленді.

Күміс жүлдені 199 ұпай жинаған Қытай құрамасы, қоланы - 198 ұпай еншілеген Солтүстік Корея командасы иеленді.

Семсерлесуден Қазақстан әйелдер құрамасындағы Татьяна Приходко, Тамара Почекутова, Диана Паманша және Юлия Живица қылыштасу өнерінен командалық сында қола медаль алды. Қазақстан құрамасы ширек финалда Индонезия командасын 45:31 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда Қытайдан 27:45 есебімен жеңіліп, финалға шыға алмады.

Азия ойындарының төртінші күні Қазақстан құрамасында үш алтын, екі күміс, бес қола медаль бар.

Осыған дейін дзюдодан - Елдос Сметов, ауыр атлетикадан - Маргарита Елисеева Азия ойындарының чемпионы атанса, Лондон олимпиадасының чемпионы, ауыр атлет Зүлфия Чиншанло күміс жүлде алған.

Азия ойындары 4-қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG