Accessibility links

Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесті.

Кездесу кезінде Керри АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын айтқан. АҚШ билігінің хабарлауынша, Керри мен Ыдырысов аймақтық және әлемдік проблемаларды бірлесіп шешудегі жұмыстарды жақсарту жолдары жайлы сөйлескен.

Керри "Ислам мемлекеті" радикалдық исламшыл ұйымын жоюдағы халықаралық коалицияның жұмысын маңызды деп атап, Ыдырысовпен терроризммен күрестегі ынтымақтастықты кеңейту және күшейту жайын талқылаған.

Кездесуде Керри Ыдырысовқа Қазақстанның Ауғанстандағы қауіпсіздікке, саяси және экономикалық өзгерістерге ұзақ уақыт бойына қолдау көрсетіп келгені алғыс білдірген.

Ыдырысов Қазақстанның аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамытуда жаңа Жібек жолы дәлізін құру жобасын іске асыруда жетекші орында екенін айтқан. Ол бұдан өзге "Қазақстанның Орталық және Оңтүстік Азияда сауда және энергетикалық тасымал желілерін құрудағы ұмтылысы теңіз жолына шыға алмайтын аймақтың құрылықтағы тасымал жолдарынан қалай пайда табуға болатынын айқындайды" деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG