Accessibility links

Астанада тағы бір үйді сүру басталды


Сәрсенгүл Әшірбаеваның үйін сүру басталар сәт. Астана, 23 қыркүйек 2014 жыл.
Сәрсенгүл Әшірбаеваның үйін сүру басталар сәт. Астана, 23 қыркүйек 2014 жыл.

Бүгін Астанада сот орындаушылары қала аумағына кірген бұрынғы саяжайда орналасқан Сәрсенгүл Әшірбаеваның үйін бұзуға кірісті. Үй иесі мен оның жақтастары үйді сүруге жол бермеуге тырысты.

Оқиға орнынан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, үйді сүруден бірнеше минут бұрын Әшірбаеваның үйіне келген полицияның арнайы жасақ қызметкерлері наразылық танытқан бес әйелді автобусқа отырғызып, үйден қашықтау жерге апарған. Полиция ұстағандардың арасында үй иесі Сәрсенгүл Әшірбаева, бұрынғы саяжай аумағындағы үйлердің өзге үш тұрғыны мен ресми орындарда олардың мүддесін қорғап жүрген Ольга Рубахова бар.

Бұдан соң сот орындаушылар үйдің құлпын бұзып, үйдегі заттарды сыртқа шығара бастаған.

Астанадағы бұрынғы саяжай аумағында тұрған үйлерін сүріп, жерлерінің «мемлекет қажетіне» алынуына қарсы тұрғындары баспаналары үшін жергілікті билік бермек болған бес миллион теңге көлеміндегі өтемақыға разы емес. Тұрғындар бұған дейін бірнеше наразылық акциясын өткізген. Қалалық әкімдік үйлерді сүруді заңды деп санайды.

XS
SM
MD
LG