Accessibility links

АҚШ-та Усама бен Ладеннің туысы сотталды


Усама бен Ладенніуң күйеубаласы Сулейман Абу Гейт.

Усама бен Ладенніуң күйеубаласы Сулейман Абу Гейт.

Нью-Йорк соты Усама бен Ладеннің күйеубаласы Сулейман Абу Гейтті терроризм айыбымен өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім шыққанға дейін Абу Гейт өзінің аудармашысы арқылы "Құдайдан басқа ешкімнен рақымшылық сұрамайтынын" мәлімдеді.

Биылғы жылдың наурыз айында Абу Гейт "Әл-Қаида" ұйымының баспасөз хатшысы болып тұрған кезде америкалықтарды өлтіруге сөз байласты" деп айыпталған.

Кувейттен шыққан имам Абу Гейт 2001 жылғы 11 қыркүйектегі шабуылдардан соң "Әл-Қаида" ұйымының үгіт-насихат мақсатында түсірген видео жазбасының мәтінін оқыған. Сотта ол тек өзінің діни міндетін ғана атқарғанын айтты.

XS
SM
MD
LG