Accessibility links

Обама: "Ислам мемлекетіне" қарсы күрес жалғасады


АҚШ президенті Барак Обама "Ислам мемлекетіне" қарсы күрес жайында сөйлеп тұр. Вашингтон, 23 қыркүйек 2014 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама "Ислам мемлекетіне" қарсы күрес жайында сөйлеп тұр. Вашингтон, 23 қыркүйек 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама "Ислам мемлекеті" радикалдық исламшыл ұйымына қарсы күресті жалғастыруға уәде берді.

23 қыркүйекте АҚШ әскери-әуе күштері Бахрейн, Катар, Сауд Арабиясы, Иордания және Біріккен Араб Әмірліктері әуе күштерімен бірлесіп Сириядағы "Ислам мемлекеті" ұйымының нысандарына алғашқы соққы берген.

Обама әскери операцияларға бес араб мемлекетінің қатысуы әлемге АҚШ-тың "Ислам мемлекеті" содырларына қарсы күресте жалғыз емесін көрсетеді деп мәлімдеді. Ол экстремистік ұйымға қарсы бірлескен күрес "біраз уақытты алатынын", Вашингтон бұл ұйымды жою үшін "қажетті шаралардың" барлығын жасайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG