Accessibility links

Инчхон - 2014: Ескек есушілер үш медаль алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық ескек есушілер үш жүлдеге ие болды.

Академиялық ескек есуден екі адамдық қайықпен жарыста Светлана Германович пен Марина Васильева күміс медаль еншіледі. Төрт адамдық қайықпен жарыста Виталий Васильев, Михаил Таскин, Евгений Васильев, Владислав Яковлев қола жүлдеге ие болды.

Ал әйелдер арасындағы жұптық жарыста Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова да қола жүлдегер атанды.

Қазақстан құрамасында қазір Азия ойындарының 4 алтын, 5 күміс және 12 қола жүлдесі бар.

XS
SM
MD
LG