Accessibility links

Бұрынғы облыс әкімі Бауыржан Әбдішев ұсталды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің үстінен екі қылмыстық іс қозғалып, ол күдікті ретінде ұсталған.

Бұл туралы бүгін Астанада журналистерге хабарлаған Қазақстанның мемлекеттік қызмет және коррупцияға қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекшісі Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, «қызмет бабын теріс пайдаланған» деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған Әбдішев жақын күндері сот шешімімен тұтқынға алынуы мүмкін.

Тамыз айының соңында Қарағанды облысында жұртшылық өкілдерімен кездесуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Әбдішевті «жерге қатысты заңсыз іс-әрекеттері» үшін биыл жазда облыс әкімі қызметтен босатқанын мәлімдеген еді. Назарбаев биыл көктемде бір топ кәсіпкерден хат алғанын, тексеру нәтижесінде «жерге қатысты заңсыздықтар анықталғанын» айтқан.

46 жастағы Бауыржан Әбдішевтің өз еркімен отставкаға кетуге берген өтініші бойынша 2014 жылы 20 маусым күні Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Ол бұл қызметке 2013 жылы қаңтарда президент жарлығымен тағайындалған болатын.

XS
SM
MD
LG