Accessibility links

Құрманғазы-Пушкин баннері үшін айыппұл салынды


Euro RSCG Kazakhstan жасаған баннер эскизі үшін кешірім сұраған постың скриншоты

Euro RSCG Kazakhstan жасаған баннер эскизі үшін кешірім сұраған постың скриншоты

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 24 қыркүйекте Құрманғазы мен Пушкиннің суреті бар даулы постерді шығарған Euro RSCG Kazakhstan жарнама агенттігін кінәлі деп тауып, агенттікке 100 айлық есептік көрсеткіш (185 200 теңге) көлемінде, бас директоры Дария Хамитжановаға – 70 айлық есептік көрсеткіш (129 640 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Алматы қаласының ішкі саясат басқармасының шағымы бойынша жауапкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 349-бабының 1-бөлігі бойынша (яғни, «ҚР жарнамасында таратуға тыйым салынған тауарды (жұмыс пен қызмет) өндіру, тарату, орналастыру және қолдану») айыпталған болатын.

Сот шешімімен мүлде келіспей отырған жауапкер жақ шешімге қатысты шағым түсіретінін айтады.

«Біріншіден, бұл жарнама емес. Екіншіден, этикалық мәселелер жағы ешқандай арнайы психологиялық-өнертану бойынша сараптама жасалмай-ақ басқарма арқылы біржақты шешілген. Бұл жөнінде өтініш берсек те, сот қабылдаған жоқ. Бұған қоса, бұл плакатты біз таратқан жоқпыз, оны интернет-қолданушылар мен ақпарат құралдарының өздері таратты. Ішкі саясат басқармасында біздің таратқанымызды дәлелдейтіндей еш дерек жоқ» деді Дария Хамитжанова Азаттық тілшісіне.

Тамыз айында Алматыда қазақтың дәстүрлі күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлы мен орыстың классик ақыны Александр Пушкиннің «сүйісіп тұрған» бейнелері салынған жарнамалық баннер жобасы әлеуметтік желілер арқылы тарап, қоғамның бір бөлігінің наразылығын тудырған еді. Бұған қатысты "моральдық зардап шектік" деп санайтын бір топ наразылық жиынын өткізіп, арнайы органдарға шағым хат тапсырған болатын.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG