Accessibility links

Нұрғазиеваны ЕҚЫҰ жиынына жібермеді


 Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева журналистермен кездесіп отыр. Жаңаөзен, 16 қараша 2012 жыл.

Құқық қорғаушы Әсел Нұрғазиева журналистермен кездесіп отыр. Жаңаөзен, 16 қараша 2012 жыл.

24 қыркүйекте Алматыдағы халықаралық әуежайдан Алматы – Амстердам - Варшава бағыты бойынша ұшқалы тұрған атыраулық «Заман» құқық қорғау ұйымының жетекшісі Әсел Нұрғазиеваны шекарашылар ұшаққа жібермеді. Құқық қорғаушының Азаттыққа айтуынша, шекарашылар оған "борышкерлер реестрінде тұрғанын" айтқан.

Әсел Нұрғазиева ЕҚЫҰ жыл сайын Польша астанасы Варшавада өткізетін адами өлшем конференциясына қатысуға бара жатқан.

Бұл оқиға жайлы осы конференцияға қатысып жатқан, Еуропада өз еркімен қуғында жүрген қазақстандық оппозициялық тұлға Болат Атабаев та әлеуметтік желіде хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG