Accessibility links

Су-27 ұшқыштарының денелері табылды


Су-27 ұшағы. Көрнекі сурет
Су-27 ұшағы. Көрнекі сурет

Алматы облысында апатқа ұшыраған Су-27 әскери ұшағын айдаған екі ұшқыштың денелері табылды. Қазақстанның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, іздестіру кезінде подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтың дене қалдықтары табылған.

Қорғаныс министрлігі қосымша мәліметті арнайы комиссия жұмысын аяқтаған соң жариялайтынын хабарлаған.

Алматы облысы аумағында 23 қыркүйек күні түнде әскери Су-27 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, сейсенбі күні "оқу-дайындық мақсатында ұшып шыққан Су-27 жойғыш ұшағымен байланыс кешкі 20 сағат 42 минут кезінде үзілген".

Әскери ұшақтың қалдықтары түн ішінде Көксу ауданы аумағында, Жаңалық ауылынан 15 километр жерден табылған болатын.

XS
SM
MD
LG