Accessibility links

Нидерланд "Ислам мемлекетімен" күреске қосылады


"Ислам мемлекеті" радикалдық ұйымының Сириядағы нысандарына қарсы соққы беруге қатысып жатқан АҚШ әскери ұшақтары. Парсы шығанағы, 23 қыркүйек 2014 жыл.

"Ислам мемлекеті" радикалдық ұйымының Сириядағы нысандарына қарсы соққы беруге қатысып жатқан АҚШ әскери ұшақтары. Парсы шығанағы, 23 қыркүйек 2014 жыл.

Нидерланд билігі Ирактағы «Ислам мемлекеті» радикалдық ұйымымен күреске алты F-16 жойғыш ұшағын беруге дайын екенін хабарлады. Бұл жайында осы елдің премьер-министрінің орынбасары Лодевейк Ассер үкіметтің Гаагадағы төтенше отырысынан соң мәлімдеді. Ол алты жойғыш ұшақ Ирактағы содырларға қарсы АҚШ басқаратын операцияларға бір жылға пайдалануға берілетінін хабарлады.

26 қыркүйекте Ұлыбритания парламенті Ирактағы «Ислам мемлекеті» ұйымына қарсы коалицияны қолдауды талқылау үшін кезектен тыс отырыс өткізеді. Бұл жайында Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясы жиыны аясында Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абадимен кездесуден соң айтқан.

Соңғы аптада британ ұшақтары мен кемесі Ирактың солтүстік бөлігіне бақылау жасай бастаған.

XS
SM
MD
LG