Accessibility links

Инчхонда алтыншы алтынды теннисшілер алды


Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин.
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин.

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Олар финалда қытай теннисшілерімен сайысқа түсіп, 2:0 есебімен ұтты.

Александр Недовесов қытайлық У Диді 6:4, 6:0 есебімен, Михайл Кукушкин Цзе Чжанды 6:0, 3:6 және 6:2 есебімен жеңді. Қытай құрамасы соңғы жұптық кездесуге шыққан жоқ. Қазақстандық Андрей Голубев Александр Недовесовпен бір жұпта қытайлық Мао-Синь және Чже Лимен ойнауы тиіс болған.

Жарыстың бес күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы алты алтын, жеті күміс және он үш қола медальмен жалпы командалық есепте Қытай, Оңтүстік Корея және Жапониядан кейін төртінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG