Accessibility links

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін сынады


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін «әлемдік ең өзекті проблемаларды шешуде тиісті әрекет ете алмай отыр» деп сынады.

24 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Ердоған Сирияда 200 мыңнан аса адам мерт болған соғыста және биыл жазда Газа секторында екі мыңнан көп адам құрбан болған ұрыста БҰҰ әрекет қылмады деп мәлімдеді.

Бұған қоса Түркия президенті Бас ассамблеяда өзіне дейін қысқаша сөйлеген Египет президенті Әбдел Фаттах әл-Сисиді де сынады. Ол Египеттің бұған дейінгі демократиялық жолмен сайланған исламшыл президенті Мұхаммед Мурсидің мемлекеттік төңкеріс арқылы биліктен кетірілгенін және БҰҰ оны ұйымдастырған адам – әл-Сисиді осы елдің заңды президенті деп танығанын сөкті.

XS
SM
MD
LG