Accessibility links

Сенат терроризммен күрес заңына түзетулер енгізді


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет)
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет)

Парламент сенатының депутаттары бүгін терроризм және экстремизммен күрес мәселелері туралы заңнамаға түзетулер енгізу жөніндегі заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы бойынша, Қазақстанда сот шешімімен террористік деп танылған ұйымдар бірден жабылады. Ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану процедуралары жеңілдетіледі.

Құжатты таныстырған бас прокурордың орынбасары Жақып Асановтың айтуынша, заңға түзетулер енгізілсе, ұйымды экстремистік деп тануға екі ай уақыт кетеді.

Заң жобасында террористік сипаттағы үгіттеу материалдарын таратқан интернет сайттары мен ақпарат құралдарын бұғаулау да қарастырылған. Құжатта мемлекеттің экстремистік немесе террористік деп танылған ұйымның дүние-мүлкін тәркілеуіне құқық беру де көзделген.

Жоба бойынша, экстремистік немесе террористік қылмыстары үшін сотталып, жазаларын өтегендердің қаржылық операцияларына бақылау жүргізіледі. Шетелге шыққан қазақстандықтарға экстремистік және террористік ұйымдардың әрекетіне қатысқаны үшін жауапқа тартылатыны туралы ескертіледі.

XS
SM
MD
LG