Accessibility links

Алматы облысында апатқа ұшыраған СУ-27 әскери ұшағының қара жәшігі табылғаны хабарланды.

Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған қазақстандық ақпарат құралдары 25 қыркүйек күні СУ-27 әскери ұшағы апатқа ұшыраған орыннан екі борттық тіркеу – ұшу параметрі мен сөз регистраторы табылғаны туралы ақпарат таратты.

Министрлік ұшақтың бортында болған Ерлан Науанов пен Денис Горбуновты "тәжірибелі ұшқыштар еді" деп сипаттаған. Жалпы ұзақтығы бойынша Науанов 984 сағат, Горбунов 784 сағат әуеде ұшқан.

Сәрсенбі күні Қазақстан қорғаныс министрлігі Азаттыққа Алматы облысы аумағында 23 қыркүйекте "оқу-дайындық мақсатында ұшып шыққан Су-27 жойғыш ұшағымен байланыс кешкі 20 сағат 42 минут кезінде үзілгенін" хабарлаған болатын.

Әскери ұшақтың қалдықтары түн ішінде Көксу ауданы аумағында, Жаңалық ауылынан 15 километр жерден табылған. 24 қыркүйектегі іздестіру шаралары барысында подполковник Ерлан Науанов пен подполковник Денис Горбуновтың сүйектері табылғаны хабарланған.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG