Accessibility links

Қарағанды облысы экс-әкімі 2 айға қамалды


Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев. Астана, 25 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев. Астана, 25 қазан 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Мұндай үкімді Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы соты 25 қыркүйек күні кешке шығарған. Бауыржан Әбдішевке қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша "қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдаланды" деген айып тағылған.

Адвокаттар бұрынғы әкімді кепілдікпен босату туралы өтініш түсірген.

Бауыржан Әбдішев қыркүйектің 24-не ауған түні ұсталған еді. Ол Қарағанды облысының әкімі қызметін 2013 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың маусымы арылығында атқарған еді.

XS
SM
MD
LG