Accessibility links

Ауыр атлет Өтешов Инчхонда күміс жүлде алды


Қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешов.
Қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешов.

25 қыркүйекте Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында 94 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Алмас Өтешов 393 ұпаймен күміс жүлдені ұтып алды.

Жұлқа көтерудің бірінші мүмкіндігінде 170 келіні бағындырған Өтешов екінші мүмкіндігінде 175 келіні де еңсерген. Алайда үшінші мүмкіндігінде 178 келіге тапсырыс бергенімен, оны бағындыра алмады. Осылайша, серпе көтеруде басты қарсыласы қытайлық Хао Люден 5 келі артық көтеріп, көш бастаған.

Жарыстың екінші кезеңі - серпе көтерудің алғашқы мүмкіндігінде 212 келіні көтерсе, екінші мүмкіндігінде тапсырыс берген 218 келіні үшінші мүмкіндігінде әзер бағындырды. Ал басты қарсыласы қытайлық Хао Лю 221 келіні қиналмай көтеріп, 394 ұпаймен бас жүлдеге ие болды. Қола жүлдені 367 ұпай жинаған Оңтүстіккореялық атлет Чан Ху Ли алды.

XS
SM
MD
LG