Accessibility links

Шыңжаңда шабуылдардан ондаған адам мерт болды


Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласында жүрген қытайлық қарулы полицейлер. (Көрнекі сурет).
Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласында жүрген қытайлық қарулы полицейлер. (Көрнекі сурет).

Қытай билігі елдің батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында қыркүйектің 21-і күні бірнеше жарылыстан ондаған адам қаза тапқанын хабарлады. Мұның алдында құзырлы органдар осы ауданның Луньтай қаласында шабуылдардан екі адам мерт болғанын хабарлаған еді.

Мемлекеттік агенттіктердің 25 қыркүйекте хабарлауынша, екі полиция бекетінде, азық-түлік базарында және дүкенде жарылыстар болған. Жарылыстан екі полиция офицері, полицияның екі көмекшісі және жарылыс маңынан өтіп бара жатқан өзге алты адам қаза тауып, 54 адам жараланған.

Кейбір ақпараттар бойынша, шабуыл жасаған 40 адамды полиция атып өлтірген немесе жарылыстардан мерт болған. Шабуыл жасаған екі адам ұсталған.

Этникалық мұсылман ұйғырлар тұратын Шыңжаң аймағында соңғы айларда шабуылдар мен жарылыстар жиілеген. Ұйғырлар өздерін этникалық қытайлардан қысым көріп отырмыз деп, Қытайдың аймақтағы саясатына қарсылық танытып келеді.

XS
SM
MD
LG