Accessibility links

Макаревичтің концертіне шабуыл жасады


Ресей әншісі Андрей Макаревич.

Ресей әншісі Андрей Макаревич.

25 қыркүйек күні Мәскеуде танымал әнші Андрей Макаревичтің концертін "Другая Россия" ұйымының белсенділері өткізбей тастады.

Макаревич Мәскеудегі Музыка үйінде концерт қойып жатқанда бір топ адам залға газ жіберген. Концертке келушілер жағдайлары нашарлап, ғимараттан шығып кетуге мәжбүр болған.

Бұл әрекетті Ресейдегі "Другая Россия" ұйымы мойнына алды. Олар мәлімдемелерін веб-сайттарында жариялады.
Онда "Ресейліктердің ашуы орынды. Біз Макаревичті ресейліктердің наразылығынан қорғамауға шақырамыз. Оны Ресей азаматтығынан айырып, елден шеттетуді талап етеміз" деп жазылған. Мәлімдемеде концертке бөгет жасағандардың арасында Украинаның Донбасс аймағынан келген ресейшіл белсенділердің де болғаны айтылған.
Кремльді жақтаушы депутаттар мен ресейшіл белсенділер Макаревичті "сатқын" деп атайды. Өйткені, танымал әнші Украинаның шығыс аймақтарына барып, босқындарға арнап концерт берген еді.
XS
SM
MD
LG