Accessibility links

Жазушы Таласбек Әсемқұлов қайтыс болды


Жазушы, сыншы Таласбек Әсемқұлов Азаттықтың Алматыдағы бюросында. 3 қыркүйек 2009 жыл.

Жазушы, сыншы Таласбек Әсемқұлов Азаттықтың Алматыдағы бюросында. 3 қыркүйек 2009 жыл.

26 қыркүйек күні қазақтың дәстүрлі күйлерін жеткізуші күйші, кинодраматург, жазушы Таласбек Әсемқұловтың дүние салғаны белгілі болды. Қаралы хабарды Азаттық марқұмның отбасынан білді.

Таласбек Әсемқұлов 1955 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай темір жол станциясында дүниеге келген. "Жазушы" баспасында, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, "Жұлдыз" әдеби журналында, Ықылас Дүкенбайұлы атындағы ұлт аспаптар ғылыми музейінде қызмет істеген.

Жазушы оқырмандарына "Атайы", "Кәрі ат", "Арылу" атты әңгімелері мен "Шымдан" хикаяты және музыканттардың өміріне арналған "Талтүс" романы арқылы танылды. Ол «Көкбалақтың өлімі», «Біржан Сал», «Жезтырнақ», «Алматы – Астана» және «Тұмар падиша» сияқты киносценарийлер жазған.

Таласбек Әсемқұл - "Бәйжігіт күйлері" мен "Тәттімбеттің мұрасы" деген жинақ авторы, «Қазақтың мың күйі» атты антологияға енген ондаған дәстүрлі күйдің орындаушысы.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG