Accessibility links

Иран: Ядролық келіссөздерді жеделдету қажет


Иран президенті Хассан Роухани БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2014 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеп тұр. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2014 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани ірі державалар мен Тегеран арасындағы ядролық келіссөздердің баяу жүріп жатқанына наразылығын айтты.

26 қыркүйек күні БҰҰ Бас ассамблеясы жиынына келген (Нью-Йорк) Роухани журналистерге "келіссөздер тым баяу жүріп жатыр" деп мәлімдеген.

Роухани мәміле жасалуы тиіс деп бекітілген мерзімнің жақындап қалғанын айтқан. Ол "батыл шешімдер" жақын арада қабылдануы керек екенін, халықаралық санкциялар толық алынып тасталмайынша Иранның ешқандай келісімге келмейтінін ескерткен.

Қазір Иран мен Ұлыбритания, Қытай, Франция, Ресей, АҚШ, Германия өкілдері арасында ядролық келіссөздердің соңғы раунды жүріп жатыр.

Аталған елдер Иран ядролық қару жасап жатыр деп күдіктенеді. Ал Тегеран Иранның ядролық бағдарламасы тек бейбіт мақсаттарды көздейтінін айтады. Батыс Ираннан ядролық бағдарламасын қысқартуды талап етіп отыр. Тегеран бейбіт мақсатта ядролық жобаларды іске асыруға құқығы бар екенін мәлімдеумен келеді.

XS
SM
MD
LG