Accessibility links

Ресей парламенті Еуразия Одағы келісімін мақұлдады


Ресей Мемлекеттік думасының ғимараты. (Көрнекі сурет)

Ресей Мемлекеттік думасының ғимараты. (Көрнекі сурет)

Ресей мемлекеттік думасы Еуразия экономикалық одағы келісімшартын ратификациялады.

Келісім жобасын 26 қыркүйек күні қараған Ресей депутаттары оны "тарихи құжат" деп атап, бірауыздан мақұлдады.

ЕАЭО (Еуразия экономикалық одағы) Ресей, Қазақстан, Беларусь мүше болып отырған Кеден Одағы негізінде құрылған еді. Одақ құру келісіміне үш елдің басшылары 29 мамыр күні Астанада қол қойған.

ЕАЭО қызметіне 2015 жылы 1 қаңтар күні кіріседі.

Мәскеу Кеден Одағына қосып алу үшін пост-советтік республикаларға қысым жасап отыр. Кремль "бұл құрылым Еуропа Одағы сияқты мемлекеттер бірлестігіне айналады" дейді.

Армения премьер-министрі Овик Абрамян өз елінің бұл одаққа қазан айынды кіретінін мәлімдеді. Ал Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өз елінің Кеден Одағына 2014 жылдың аяғында қосылатынын айтқан.

XS
SM
MD
LG