Accessibility links

Инчхон-2014: Қазақстан велоспортшысы алтын алды


Алексей Луценконың жастар арасындағы әлем чемпионатын ұтып алған кезі. Голландия, 2012 жыл. (Сурет әлем чемпионатының ресми сайтынан алынған)

Алексей Луценконың жастар арасындағы әлем чемпионатын ұтып алған кезі. Голландия, 2012 жыл. (Сурет әлем чемпионатының ресми сайтынан алынған)

Қазақстандық велоспортшы Алексей Луценко Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия ойындарының чемпионы атанды. Ол алтын медальді жеке жарыстан алды. Спорттың бұл түрінде велоспортшылар 42 километрді уақытпен жеке жүріп өтеді.

Күміс жүлдені қырғызстандық атлет Евгений Веккер, қола медальді ирандық спортшы Хосеин Аскари иеленді.

Қазақстан қазір 9 алтын, 9 күміс, 17 қола медальмен жалпы есепте 4-орында тұр. Қазақстан құрамасы Азиа ойындары алдында 20 алтынмен жалпы есепте 4-орын алуды жоспарлаған еді.

Үздік үштікте Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония тұр.

Азия ойындары 4 қазан күні аяқталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG