Accessibility links

«Эстония» паромы апатына 20 жыл толды


Балтық жағалауы. (Көрнекі сурет)

Балтық жағалауы. (Көрнекі сурет)

Бүгін Таллиннде осыдан 20 жыл бұрынғы «Эстония» паромы апатында қаза болғандарды еске алу шаралары өтеді.

Сенбі күні апат құрбандарына тұрғызылған ескерткішке гүл қойылып, шырақтар жағылып, арнайы концертке жүздеген адам қатысқан. Шара барысында азалы музыка ойналып, сағат түнгі 01.30 кезінде – осыдан тура 20 жыл бұрын жолаушылар паромы апатқа ұшыраған уақытта бір минут үнсіздік орнады.

1994 жылы 28 қыркүйекте Балтық теңізінде, финнің Утё аралынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 километр қашықтықта «Эстония» паромы апатқа ұшырап, 852 адам қаза болған еді. Паромда болғандардан 137 адам ғана құтқарылған.

«Эстония» паромы апаты 20-ғасырда бейбіт уақыттағы ең үлкен қайғылы апаттардың бірі саналады.

XS
SM
MD
LG