Accessibility links

Мүбәрактің үкімі қарашада шығады


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак.

27 қыркүйекте Египет соты елдің бұрынғы президенті Хосни Мүбәракқа үкім шығаруды 29 қарашаға қалдырды. Сот процесіне төрағалық етуші Махмуд әл-Рашидидің айтуынша, қандай үкім шығаруды ойлануға уақыт жеткілікті болмақ.

86 жастағы Хосни Мүбәракті сенбі күні сот отырысына оны әскери госпитальден тікұшақпен жеткізіп, сот залына зембілге салып көтеріп кіргізді.

2011 жылы билікке қарсы ереуілге шыққан жүздеген адамның өлімі үшін айып тағылған Хосни Мүбәрактің ісі осымен екінші мәрте сотта қаралып жатыр. Бұған дейін оны өмір бойы түрме жазасына кескен сот үкімінің күшін жойған апелляциялық сот процессуалдық ережелер бұзылған деп тапқан.

Мүбәракпен бірге осы іс бойынша бұрын қауіпсіздік қызметінде жоғары қызметтер атқарған тағы бірнеше адамға айыптар тағылған.

Жемқорлық айыбы бойынша қозғалған тағы бір қылмыстық іс бойынша Хосни Мүбәрак пен оның екі ұлы – Алаа және Гамал төрт жылға дейінгі мерзімдерге түрме жазасына кесілген.

XS
SM
MD
LG