Accessibility links

Байқоңырдан «Протон-М» тағы ұшырылды


Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылуы. (Көрнекі сурет)

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылуы. (Көрнекі сурет)

Бүгін, 28 қыркүйек күні Астана уақытымен 02 сағат 23 минутта Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды деп хабарлады Ресейдің «Роскосмос» федералдық ғарыш агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, кезекті «Протон-М» ғарышқа «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Луч» ғарыш аппаратын алып ұшқан.

Бұл биыл 16 мамыр күні болған апаттан кейінгі алғашқы ұшырылым. Сол жолы ресейлік «Экспресс-АМ4Р» байланыс спутнигін жер орбитасына жеткізбек болған «Протон-М» зымыран тасығышында ақау пайда болып, атмосферада жанып кеткені хабарланған.

Былтыр шілденің 2-сінде ресейлік үш «Глонасс» спутнигі тиелген «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере жарылып, Қызылорда облысының аумағына құлаған еді. Апат орнындағы зиянды заттардың шектік концентрациясы туралы екі елдің ақпараты екі түрлі болған. Сол апаттан кейін қазақстандық белсенділер Ресейдің Байқоңырдан гептил қолданатын зымырандар ұшырмауын талап етіп қарсылық акцияларын өткізді.

XS
SM
MD
LG