Accessibility links

Гонконг билігі наразылық шеруін "заңсыз" деді


Гонконгтегі әкімшілік кеңселерінің бірінің қасындағы наразылық шеруі. 28 қыркүйек 2014 жыл.
Гонконгтегі әкімшілік кеңселерінің бірінің қасындағы наразылық шеруі. 28 қыркүйек 2014 жыл.

Қытайдың ерекше әкімшілік аймағы – Гонконгтың билігі демократиялық құқықтар мен бостандықтарды кеңейту туралы талаппен мыңдаған адам қатысқан наразылық шеруін заңсыз деп атады.

Бұл туралы Гонконгтағы жоғарғы билік – әкімшілік аймақ басшысы Лян Чжэньин мәлімдеді. Ол тұрғындарды наразылық шеруіне қосылмауға шақырып, жақын уақытта үкімет сайлау реформасы туралы кеңесулерді бастайды деген. Бірақ лауазымды шенеунік ол кеңесулердің өтетін мерзімі жайлы ештеңе айтпаған

Гонконгтегі наразылықтарға 2017 жылға белгіленіп отырған аймақтың келесі басшысын сайлауға қатысты Пекиндегі орталық үкімет енгізген шектеулер себеп болған. Жұма күні Гонконгте өткен үлкен шеруге негізінен студенттер қатысқан. Шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болып, ондаған демонстранттар ұсталған.

Қала орталығын шерушілердің бақылауға алуына жол бермеу мақсатында полицияның кейбір көшелерде баррикадалар тұрғызып жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG