Accessibility links

Порошенко: 12 адам тұтқыннан босады


Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко жексенбіге қараған түні сепаратистер тұтқынынан 12 украиналық сарбаздың босатылғаны туралы мәлімдеді.

«Түнде Донецк, Луганск және Красный Донда қамауда болған біздің 12 әскери адамымызды босатты» деп жазды Порошенко Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Тұтқындармен алмасу Минскіде 5 қыркүйек күні Украина билігі, сепаратистер, Ресей және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы өкілдері арасында жасалған келісімге сәйкес жүргізілген. Сенбі күні тұтқындарды азат ету орталығы Украина билігіне сепаратистерде тұтқында болған жеті әскеридің берілгені туралы хабарлаған деп жазады «Украинская правда» басылымы.

XS
SM
MD
LG