Accessibility links

Кабулда Ашраф Ғаниді ұлықтау рәсімі өтеді


Ауғанстан президенті деп жарияланған Ашраф Ғани.

Ауғанстан президенті деп жарияланған Ашраф Ғани.

Ашраф Ғани Ахмадзай бүгін Кабулда ұлықтау рәсімінде ант берген соң, Ауғанстан президенті қызметіне кіріседі.

21 қыркүйекте Ауғанстанда биыл президент сайлауының екінші кезеңінде бәсекелес болған елдің бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла мен бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани Ахмадзай ұлттық ынтымақтастық үкіметін құру және билікті бөлісу туралы келісімге қол қойған еді. Оған сәйкес, Ашраф Ғани президент қызметін атқарады, Абдулла Абдулла үкіметке жетекшілік жасайтын адамды таңдайды. Бұған дейін Ауғанстанда президент атқарушы билікті өзі басқарып келген еді.

Осы келісімге дейін Ауғанстанда 14 маусым күні өткен президент сайлауының екінші кезеңінің қортындысына қатысты дау шыққан. Ол жолы сайлауда Ашраф Ғанидың жеңгені айтылғанымен, Абдулла Абдулла «сайлау нәтижесі бұрмаланды» деп, бәсекелесінің жеңісін мойындаудан бас тартқан. Нәтижесінде, БҰҰ өкілдерінің бақылауымен дауыстар қайта саналған.

Ашраф Ғани елде америкалық әскерилердің шағын контингентін қалдыруға мүмкіндік беретін АҚШ-пен келісімге қол қоюға уәде берген.

XS
SM
MD
LG