Accessibility links

Гонконгте полиция шерушілерге газ шашты


Полиция көзден жас ағызатын газ қолданғаннан кейін бас сауғалап бара жатқан шерушілер. Гонконг, 28 қыркүйек 2014 жыл.

Полиция көзден жас ағызатын газ қолданғаннан кейін бас сауғалап бара жатқан шерушілер. Гонконг, 28 қыркүйек 2014 жыл.

Гонконг полициясы 28 қыркүйекте қаланың үкіметтік ғимараттар орналасқан ауданында демократиялық өзгерістер жасауды талап етіп көшеге шыққандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашқан.

Соның алдында, бірнеше сағат бұрын, Гонконгтағы жоғарғы билік - әкімшілік аймақ басшысы Лян Чжэньин наразылық шерулерін "заңсыз" деп атап, тұрғындарды оған қатыспауға шақырған.

26 қыркүйекте студенттер шеруге шығып, билікті демократияны нығайтуға шақырып, Лян Чжэньиннен сайлау реформаларын талқылау үшін өздерімен кездесуді талап еткен. Шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болып, ондаған адам ұсталған. Лян жақын уақытта үкімет сайлау реформасы туралы кеңесулерді бастайды дегенімен, оның өтетін мерзімі жайлы ештеңе айтпаған.

Гонконгтегі наразылықтарға 2017 жылға белгіленіп отырған аймақтың келесі басшысын сайлауға қатысты Пекиндегі орталық үкімет енгізген шектеулер себеп болған.

XS
SM
MD
LG