Accessibility links

Инчхон-2014: Қазақстан тағы үш алтын алды


Каноэ және байдарка есуден қазақстандық спортшы Наталья Сергеева.

Каноэ және байдарка есуден қазақстандық спортшы Наталья Сергеева.

Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында каноэ және байдарка есуден Қазақстан үш алтын, екі күміс, екі қола алды.

1000 метрге екі адамдық байдарка қайықпен жарыста Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов алтын медаль жеңіп алды. Күміс пен қоланы Иран және Қытай спортшылары иеленді.

Ал 1000 метрге екі адамдық каноэмен жарыста ағайынды Михаил және Тимофей Емельяновтар Азия ойындарының чемпионы атанды. Олар медальға таласта Қытай және Өзбекстан спортшыларынан озып кетті.

1000 метрге төрт адамдық байдарка қайықпен жарыста Қазақстан құрамасы Қытай мен Өзбекстанды артқа тастап, Азиада чемпионы атанды.

1000 метрге бір кісілік каноэмен жарыста Сергей Емельянов күміс, Юрий Березицкий қола медаль еншіледі.

500 метрге бір кісілік байдарка қайықпен жарыста Наталья Сергеева күміс жүлдеге ие болды.

500 метрге төрт адамдық байдарка қайықпен жарыста Қазақстан әйелдер құрамасы қола иеленді.

Қазір Қазақстанда Азия ойындарында 12 алтын, 13 күміс, 22 қоламен жалпы есепте Қытай, Оңтүстік Корея және Жапониядан кейін төртінші орында тұр.

Инчхонда өтіп жатқан жарыс 4-қазанда аяқталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG