Accessibility links

Шыңжаңда "имамды өлтіргендерге" үкім шықты


Қашғардағы Ид Хақ мешітінің бас имамы болған Жұма Тахир.
Қашғардағы Ид Хақ мешітінің бас имамы болған Жұма Тахир.

Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданындағы Қашғар қаласының соты осы аудандағы Қытай билігін жақтайтын мешіт имамын өлтірді деген айып тағылған үш этникалық ұйғыр азаматына үкім шығарды.

Қытай ақпарат құралдарының 29 қыркүйекте хабарлауынша, Қашғар соты 28 қыркүйекте Джени Хасан мен Нурмемет Абдилимитті «террорлық топ құрып, оны басқарды» және «кісі өлтірді» деп айыптап, өлім жазасына кескен. Тағы бір азамат Атавулла Турсун «террорлық шабуылға» және «кісі өлтіруге» қатысты деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілген.

Қашғардағы ұйғырлардың ең ірі мешіті – Ид Хақ мешітінің бас имамы, Қытай билігі саясатын жақтайтын Жұма Тахирді 30 шілде күні белгісіз біреулер өлтіріп кеткен еді.

Одан бірер күн бұрын этникалық ұйғырлар тұратын Шыңжаңның Ярканд уезіндегі қақтығыстар салдарынан ондаған адам қаза тапқан болатын. Қытай билігі бұл аймақтағы шабуылдар мен жарылыстарды Пекиннің Шыңжаңдағы саясатына қарсылық танытып келе жатқан ұйғырлардан көреді.

XS
SM
MD
LG