Accessibility links

Зарина Дияс WTA рейтингісінде 39-орында тұр


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс.

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс WTA (Халықаралық әйелдер теннисінің қауымдастығы) рейтингінде 40-орыннан 39-орынға көтерілді.

Ол өткен аптада Қытайдың Ухань қаласындағы халықаралық турнирдің екінші айналымына өтіп, соның арқасында рейтингтік ұпай алған.

39-орын - Зарина Диястың ең үздік нәтижесі. Бұған дейін ол жарыстардың біріндегі баспасөз мәслихатында биылғы жылдың соңына дейін үздік отыздыққа ену жоспары барын айтқан еді. Қазір ол теннистен Қытай ашық чемпионатына қатысып жатыр.

Зарина Дияс биылғы жылдың басында әлемдік рейтингте 112-орында тұрған.

XS
SM
MD
LG