Accessibility links

Семейде мектепте астан уланғандар саны 57-ге жетті


Семейдегі Ертіс өзені үстіндегі көпір. (Көрнекі сурет).

Семейдегі Ертіс өзені үстіндегі көпір. (Көрнекі сурет).

Семейде мектеп асханасындағы тамақтан уланғандар саны 57 адамға жетті деп хабарлайды Интерфакс агенттігі.

Бұған дейін қаладағы 19-мектептің асханасында 56 адам, оның ішінде асхананың екі қызметкері тамақтан уланғаны хабарланған еді.

Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің дерегінше, қазір 32 оқушы мен екі ересек ксісі ауруханада, 23 оқушы үйден емделіп жатыр.

Астан уланғандардың барлығына "ішек токсикоинфекциясы, гастроэнтерит түскен" деген диагноз қойылған.

XS
SM
MD
LG