Accessibility links

Инчхон-2014: Қазақстанның алтын медалі 15-ке жетті


Қазақстандық Наталья Сергеева.

Қазақстандық Наталья Сергеева.

Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында бір адамдық байдарка қайықпен 200 метрге жарысуда қазақстандық Ирина Клинова алтын медаль жеңіп алды.

500 метрге байдаркамен жарыста Наталья Сергеева мен Ирина Подоиникова да үздік нәтиже көрсетіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұған қоса жағажай волейболынан қазақстандық Александр Дьяченко мен Алексей Сидеренко финалда қытайлық жұпты 2:0 (21:15, 21:10) есебімен ұтып, Қазақстанға он бесінші алтынды алып берді.

200 метрге екі адамдық байдарка қайықпен жарыста Евгений Алексеев пен Алексей Дергунов тек Жапония спортшыларынан қалып, мәреге екінші болып жетті.

Қазір Қазақстан Азия ойындарында 15 алтын, 14 күміс, 22 қоламен жалпы есепте Қытай, Оңтүстік Корея және Жапониядан кейін төртінші орында тұр.

Инчхонда өтіп жатқан жарыс 4-қазанда аяқталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG