Accessibility links

Қырғызстанның 8 азаматы Сирияда мерт болған


Сирияда соғысып жүрген содырлар. (Көрнекі сурет)

Сирияда соғысып жүрген содырлар. (Көрнекі сурет)

Сирияда радикалды исламшыл жасақтар қатарында үкімет әскеріне қарсы соғысып жүрген Қырғызстанның сегіз азаматы қаза тапқан.

Ош облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Женіш Аширбаевтың айтуынша, Сириядағы исламшылдар қатарында 100-ге тарта қырғыз азаматы соғысып жүр. Оның сөзіне қарағанда, соғысқа кеткендердің көпшілігі Сирияға Ресей және Түркия арқылы барған.

Ресей мен Орталық Азия елдерінің билігі жүздеген азаматтары Сирияда радикалдық исламшылар қатарында үкімет әскеріне қарсы соғысып жатқанын айтады.

Өткен аптада АҚШ Грузия азаматы Тархан Батирашвилиді (лақап аты Омар әл-Шишани) Сириядағы террористерге қаржылай және материалдық көмек беретін экстремистік ұйыммен байланысы бар азаматтардың тізіміне қосқан.

XS
SM
MD
LG