Accessibility links

Ауғанстанның жаңа президенті ант берді


Ашраф Ғани Ауғанстан президенті қызметіне кірісер алдында ант беріп тұр. Кабул, 2014 жыл.
Ашраф Ғани Ауғанстан президенті қызметіне кірісер алдында ант беріп тұр. Кабул, 2014 жыл.

Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Ғани бүгін Кабулде ант беріп, ресми түрде қызметіне кірісті. Онымен президент сайлауында бәсекелес болған бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла да үкімет басшысы ретінде ант берді.

Бұған дейін Ауғанстанның қаржы министрі және Дүниежүзілік банкте қызмет істеген Ашраф Ғани АҚШ-пен қауіпсіздік саласындағы келісімге қол қоюға уәде берген. Ол құжат Ауғанстаннан АҚШ күштерінің негізгі контингенті шығарылған соң да бұл елде америкалық әскерилердің шағын тобының қала беруіне мүмкіндік береді.

21 қыркүйекте Ауғанстанда биыл президент сайлауының екінші кезеңінде бәсекелес болған Абдулла Абдулла мен Ашраф Ғани ұлттық ынтымақтастық үкіметін құру және билікті бөлісу туралы келісімге қол қойған еді. Оған сәйкес, Ашраф Ғани президент қызметін атқарады, Абдулла Абдулла үкіметке жетекшілік жасайтын болған. Бұған дейін Ауғанстанда президент атқарушы билікті өзі басқарып келген еді.

XS
SM
MD
LG