Accessibility links

Астраханьда Каспий елдері саммиті басталды


Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Иран президенті Хассан Роухани Каспий маңы елдерінің саммиті басталар алдында. Астрахан, 29 қыркүйек 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) мен Иран президенті Хассан Роухани Каспий маңы елдерінің саммиті басталар алдында. Астрахан, 29 қыркүйек 2014 жыл.

Бүгін Ресейдің Астрахань қаласында Каспий маңы елдері басшыларының төртінші саммиті басталды.

Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, саммитке Каспий жағалауындағы бес ел басшалары - Ресей президенті Владимир Путин, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Иран президенті Хассан Роухани және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысып жатыр. Саммитте негізінен Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, аймақтағы қауіпсіздік мәселелері талқыланбақ.

Каспий теңізі жағалауындағы бес мемлекет бірнеше жылдан бері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жайлы ортақ келісім жасай алмай келеді. Мұнай мен газдың үлкен қоры бар теңіз мәртебесі мен оны пайдалану жайы 1921 және 1940 жылдары Иран мен СССР арасында жасалған келісім бойынша анықталып отыр.

Алғашқы Каспий маңы елдерінің саммиті 2002 жылы Ашғабадта, 2007 жылы Тегеранда, 2010 жылы Бакуде өткен. Астраханнан кейінгі саммитті өткізу кезегі Қазақстанға тиеді.

XS
SM
MD
LG