Accessibility links

"Үкімет туралы" заңға толықтырулар енгізілді


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов. (Көрнекі сурет)

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов. (Көрнекі сурет)

29 қыркүйек күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Үкімет туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәләмдеді.

Билік таратқан хабарламада «Бұл заң жобасында биылғы жылғы 6 тамызда үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген Қазақстан президентінің тапсырмасына сәйкес және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктердің аражігін ажырату бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер айқындалғаны» жазылған.

«Заң жобасының мақсаты – үкімет, орталық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың ведомстволары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар арасындағы құзыретті нақты бөлуді қамтамасыз ету».

Ақпараттар бойынша, бұл заңмен мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктер нақтыланған.

6 тамызда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет құрылымында өзгерістер жасалатынын мәлімдеп, салалық ведомстволар саны қысқарып, "12 министрлік пен 30 комитеттен тұратын үкіметтің жаңа құрылымын жасақтауға шешім қабылдағанын" айтқан еді.

XS
SM
MD
LG