Accessibility links

Ресей Украинадағы "геноцидті" тексермек


Донецкідегі ұрыстардың бірінде қарудан атып тұрған украиналық сарбаз. 25 қыркүйек 2014 жыл.

Донецкідегі ұрыстардың бірінде қарудан атып тұрған украиналық сарбаз. 25 қыркүйек 2014 жыл.

Ресей билігі Украинаның шығысындағы орыс тілді тұрғындарға қатысты "геноцид жасалуына" байланысты қылмыстық тергеу бастады.

Ресей федералдық тергеу комитетінің мәлімдеуінше, Киевтегі азаматтық және әскери билік Донецк және Луганск облыстарындағы орыс тілді азаматтарды "толықтай жоюға бағытталған бұйрықтар берген".

Құжатта қырғынды украин әскері "шабуылдаушы қару-жарақтың ауыр түрімен, оның ішінде "Град" дүркіндете ататын реактивті кешенінің көмегімен жасағаны" айтылған.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы ресейшіл сепаратистер жасырын әрекетке көшкен және осы айдың басында қарсыласушы тараптар бітімге келу туралы келісім жасасқанына қарамастан үкімет әскеріне қарсы әрекет етіп жатыр.

Мәскеу наурыз айында Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алуын бұл аймақтағы этникалық орыстарды қорғау қажеттігінен туындады деп түсіндіреді. Бірақ Украина мен батыс елдері орыстілді тұрғындардың қудалануы туралы мәлімдемелерді жоққа шығарып, оны экспансияға сылтау деп атайды.

XS
SM
MD
LG